Түркістан облысы білім басқармасының «№3 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тынысы
Есту жүйесінің кемістігі бар балаларды, дені сау құрбыларына ілестіріп, осынау өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып отырған «Құлағы нашар еститін балалар үшін Леңгір қосалқы мектеп-интернаты» 1972 жылдың күзінде Тоғыс ауылынан арнайы мектеп- интернат болып ашылды. 1995 жылы Леңгір қаласындағы 1985 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген балабақша ғимаратына көшіп келіп, қазіргі таңда мектеп- интернат жұмысын жалғастыруда.
«Құлағы нашар еститін балалар үшін Ленгір қосалқы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты мекеме.
Мектеп – интернат кең де жарық сынып бөлмелерімен және есту жүйесін дамытатын дыбыс күшейткіш аппараттармен қамтылған. Қазіргі таңда 20 сынып комплектісі бар. 2015ж.балаларға арналған 150 орындық заманауи үлгіде салынған жатақхана қолданылуға берілді.Аталған метеп-интернатты Зубира Кеңесқызы Айтуғанова басқарып отыр.
Мектеп-интернаттың оқу корпусында:
- Сынып бөлмелер – 21
- Есту қабілетін дамыту бөлмелері (сурдопедагог) – 15
- Сенсорлы бөлме -1
- Жұмсақ, ойын бөлмесі -1
- АКТ зал-1
- Кітапхана – 1
- Спорт зал-1
- Жаздық спорт алаңы -1
-Шеберхана - 1
- Әжетхана-10
Медициналық блокта:
- Егу бөлмесі-1
- Егуге дейінгі бөлме-1
- Ем алатын бөлме-1
- Оқшаулау бөлмесі-1
- Емдәмбике бөлмесі-1
- Әжетхана-1
- Қолжуатын-2
Мектеп-интернаттың 150 орындық жатақханасы 3 қабаттан тұрады. Жатақханада
- Жатын бөлмелер саны-47
- Әр қабатта 1 душевой бөлме 4 кабинкалы
- Әжетхана әр қабатта 1 бөлмеде 4 кабинкалы, 8 қолжуатын орын
- Аяқ-қол жуатын әр қабатта 1 бөлмеде 5 орын бар
- Киім үтіктейтін бөлме -1
Оқу корпусы 2015 жылы күрделі жөндеуден өтті.
Мектеп-интернатта директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, директордың шаруа ісі жөніндегі орынбасары, педагог-дефектолог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, тәлімгер және 52 мұғалім, 40 тәрбиеші жұмыс атқарады.
Материалдық-техникалық базасы бейімделген.